«Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының өндірістік мәселелер жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары
Білімі
2006 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Кеме энергетикалық қондырғылары мен жабдықтары» мамандығы бойынша бітіріп, инженер-механик біліктілігін алған.
2011 жылы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін бітіріп, экономист-менеджер біліктілігін алған.
2015 жылы Алматы Менеджмент Университетінде іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолы
Еңбек жолын 2004 жылы «СМК-4» ЖШС-де бастап, шебер, учаске бастығы және әкімшілік бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.
2007–2009 жылдары «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ Табиғи ресурстарды дамыту департаментінің менеджері болып жұмыс істеген.
2009–2012 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратында бас маман және бас инспектор, Маңғыстау ауданы әкімі аппаратының басшысы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2012–2013 жылдары – Ақтау қаласы әкімі аппаратының басшысы.
2013–2015 жылдары – Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары. 2014 жылғы қазаннан 2015 жылғы наурызға дейін басқарма басшысының міндетін атқарған.
2015–2016 жылдары – Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, облыс әкімінің көмекшісі.
2016–2017 жылдары – Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.
2017–2018 жылдары – Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2018–2020 жылдары – Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.
2020 жылғы қаңтардан сәуірге дейін – Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі.
2020–2021 жылдары – Маңғыстау облысының қаржы басқармасының басшысы.
2021–2022 жылдары – «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы.
2022–2024 жылдары – «Сеним» медициналық клиникасы» ЖШС директорының орынбасары.
2024 жылғы желтоқсаннан бастап – «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары.
Марапаттары
«Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 жыл) және «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» (2021 жыл) мерейтойлық медальдарымен награждалған.







