Бас ғылыми қызметкер

Әсел Аманжан
«Каспий теңізінің қазақ ғылыми-зерттеу институты» КеАҚ бас ғылыми қызметкері
Білімі, ғылыми дәрежесі
2010 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша тәмамдады.
2013 жылы «Химия» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
2018–2021 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Химия» мамандығы бойынша докторантурада білім алды. 2025 жылы философия докторы (PhD) дәрежесі берілді. Диссертациясының тақырыбы – «Гармин алкалоиды молекуласы негізінде жаңа туындыларды синтездеу және олардың биологиялық белсенділігі».
Еңбек қызметі
Еңбек жолын 2010 жылы «Қазхром» ЖШС-де химиялық талдау зертханашысы қызметінен бастады.
2013–2014 жылдары «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ-да кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
2014–2016 жылдары «Болашақ» Қарағанды университетінде оқытушылық қызмет атқарып, фармацевтикалық пәндерден сабақ берді.
2016–2019 жылдары «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ-да инженер, кіші ғылыми қызметкер және зертхана меңгерушісінің міндетін атқарушы лауазымдарында жұмыс істеді.
2020 жылғы қыркүйектен бастап аталған холдингте зертхана меңгерушісі қызметін атқарды.
Ғылыми және халықаралық қызметі
Табиғи қосылыстар химиясы, биологиялық белсенді заттарды бөліп алу және зерттеу, оларды химиялық модификациялау, сондай-ақ зертханалық зерттеу әдістерін әзірлеу салаларында ғылыми-зерттеу және оқытушылық тәжірибесі бар.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етті, гранттық жобалар мен ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша есептерді, сондай-ақ ғылыми жарияланымдарды дайындаумен айналысты.
Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Н.Н. Ворожцов атындағы Новосібір органикалық химия институтында және И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Шетелдік және отандық басылымдарда жарияланған 20-дан астам ғылыми еңбектің авторы және бірлескен авторы, суда еритін субстанцияларды алу тәсілдеріне арналған Қазақстан Республикасы патенттерінің бірлескен авторы.
Табиғи қосылыстар химиясы мен технологиясы бойынша халықаралық ғылыми конференцияларға қатысты.






