«Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» КеАҚ Басқарма төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары
Білімі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы
География ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
2010 жылы Алматы қаласында 25.00.27 – «Құрлық гидрологиясы, су ресурстары, гидрохимия» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған.
Ғылыми қызметі
Негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары – гидрология, су ресурстары және гидрохимия.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда, сондай-ақ халықаралық ғылыми журналдарда жарияланған 30-дан астам ғылыми еңбектің авторы және бірлескен авторы.
Ғылыми зерттеулерінің нәтижелері Geosciences, Oxidation Communications, Journal of Meteorological Research, GeoJournal of Tourism and Geosites және басқа да халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған.







