«Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» КеАҚ Басқарма төрағасы
Білімі, ғылыми дәрежесі
1979 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің география факультетін «Инженер-гидролог» мамандығы бойынша бітірген.
География ғылымдарының кандидаты, «Океанология» мамандығы бойынша (1989 жыл).
2007 жылы Женева университетінде «Қоршаған орта саласындағы дипломатия» бағдарламасы бойынша білім алып, жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом алған.
Еңбек жолы
Еңбек жолын 1979 жылы Қазақ ғылыми-зерттеу гидрометеорологиялық институтында бастап, гидрологиялық экспедиция инженері, кіші ғылыми қызметкер және ғылыми қызметкер лауазымдарында жұмыс істеген.
Кейінгі жылдары ғылыми-зерттеу ұйымдарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, сондай-ақ халықаралық және қоғамдық ұйымдарда ғылыми және басшылық лауазымдарды атқарған.
1991–1996 жылдары Ұлттық ғылым академиясының География институтында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.
1996–2004 жылдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, оның ішінде Гидрометеорология агенттігінде, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде және Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінде түрлі лауазымдарды атқарған.
2004–2009 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) жобаларында, оның ішінде Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі Жаһандық экологиялық қор жобасында жұмыс істеген.
2009–2012 жылдары Каспий теңізінің балық қорларын қалпына келтіру және тұрақты жұмыс істейтін өңірлік табиғат қорғау құрылымын құру жөніндегі Жаһандық экологиялық қор жобасының іске асырылуын үйлестірген.
2013–2015 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушылық қызмет атқарған.
2015–2017 жылдары «Су бастамалары орталығы» қоғамдық қорының директоры қызметін атқарған.
2017–2022 жылдары Қазақстандағы Аралды құтқару халықаралық қоры Атқарушы дирекциясының филиалы – Халықаралық су бағалау орталығының директоры болған.
2022–2023 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аға оқытушы болып жұмыс істеген.
2023–2025 жылдары Халықаралық су бағалау орталығы директорының орынбасары қызметін атқарған.
2025 жылғы 19 тамыздан бастап «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» КеАҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалған.
Ғылыми және халықаралық қызметі
Гидрология, қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын басқару және халықаралық экологиялық ынтымақтастық салаларында ғылыми-зерттеу, сараптамалық және басқарушылық қызмет бойынша көпжылдық тәжірибесі бар.
Каспий теңізінің қазақстандық секторында, Жайық өзенінің атырауында және Арал теңізі бассейнінде ғылыми және экспедициялық зерттеулерге қатысқан.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және су ресурстарын басқару саласындағы бағдарламалық құжаттары мен нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысқан.
Халықаралық жобаларға, мемлекетаралық келіссөздерге және халықаралық келісімдердің жобаларын, оның ішінде Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға (Тегеран конвенциясы) хаттамалардың жобаларын әзірлеуге қатысу тәжірибесі бар.
2012 жылы Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенция Бюросының құрамына 2012–2015 жылдарға сайланған.
Су ресурстары, қоршаған ортаны қорғау және трансшекаралық су ынтымақтастығы мәселелері бойынша ғылыми жарияланымдардың авторы.
Марапаттары
- Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған грамотасы.
- Астананың 10 жылдығына арналған мерейтойлық медаль.
- «Экология үздігі» төсбелгісі.
- «Су шаруашылығының ардагері» төсбелгісі.







