Институт туралы
«Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚазКТҒЗИ, Институт) Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 36 қаулысына сәйкес құрылды.
Институт Каспий теңізінің экологиялық жай-күйін кешенді зерделеуге, климаттық және гидрологиялық процестерді зерттеуге, теңіз ортасы мен биологиялық ресурстарға мониторинг жүргізуге, сондай-ақ Каспий теңізінің экожүйесі мен табиғи ресурстарын сақтау жөніндегі шараларды ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады.
Институтты құру мақсаты
Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтын құрудың мақсаты – Каспий теңізінің қазақстандық секторында экологиялық проблемаларды зерделеуге, табиғи ресурстарды сақтау мен молықтыруға, сондай-ақ Каспий маңы мемлекеттері арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу және қоршаған ортаға мониторинг жасау.
Институттың қызметі Каспий теңізі деңгейінің ауытқуын қоса алғанда, климаттық және гидрологиялық процестерді зерделеуге, теңіз ортасы мен биологиялық ресурстардың жай-күйін бағалауға, табиғи және антропогендік факторлардың теңіз экожүйесіне әсерін зерттеуге бағытталған.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері Каспий теңізінің экожүйесі мен биологиялық әртүрлілігін сақтау жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге ықпал етуге тиіс.
Қойылған мақсатқа қол жеткізудің негізгі бағыттары:
1. Экологиялық зерттеулер және мониторинг – теңіз және жағалау ортасының жай-күйін, су сапасын, биологиялық әртүрлілікті, балық ресурстарын және Каспий итбалығын қоса алғанда, теңіз организмдері популяцияларының жай-күйін зерделеу.
2. Климаттық және гидрологиялық процестерді зерделеу – Каспий теңізі деңгейінің ауытқуын, климаттық өзгерістерді, гидрографиялық жағдайларды және олардың теңіз экожүйесіне әсерін зерттеу.
3. Табиғат қорғау саласындағы шешімдерді ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету – ғылыми зерттеулер жүргізу, экологиялық тәуекелдерді талдау және Каспий теңізінің табиғи ресурстарын сақтау мен қалпына келтіру жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу.
4. Ғылыми ынтымақтастықты дамыту – Каспий маңы мемлекеттерінің ғылыми-зерттеу институттарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимылды нығайту, ғылыми білім мен зерттеу тәжірибесімен алмасу.






